Білім
«Келешек мектептері» ұлттық: 12 мектеп биыл пайдалануға беріледі
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысы бастамашы болған «Келешек мектептері» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Жобаның мақсаты – заманауи, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қалыптастыру, үш ауысымды оқытуды жою және қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту. «Samruk Kazyna Construction» АҚ аймақтықдиректоры Азамат Агелеуовтің айтуынша, биыл 12 жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Жаңа жайлы мектептер Алтын Орда және Есетбатыр шағын аудандарында, «Саяжай-1», «Баурластар-3», «Жаңақоныс-2» тұрғын алаптарында және облыстың бірнеше ауданында салынып жатыр. Өңір басшысы білім беру нысандарына инженерлік инфрақұрылым тарту мәселесіне айырықша көңіл бөлді. Қазіргі таңда жеті мектепке желілер толығымен тартылған, төртнысанда жұмыстар жалғасуда, бір мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттамадайындалуда. Мәліметтерді тыңдаған облыс әкімі мердігерлер мен тиісті қызметтерге құрылысқарқынын үдетіп, барлық жұмысты мерзімінде аяқтау үшін жұмысшылар қатарын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ мектептерге кіреберіс жолдар салу, оқу орындарының маңында автотұрақтар ұйымдастыру және жауын-шашыннан жиналған суды ағызу жүйелерін салу қажеттігін ескертті. «Келешек мектептері» жобасын жүзегеасыру – өңірдегі білім беруді дамытудың басым бағыты болып қала береді. Балалардың сапалы әрі жайлы жағдайда білім алуы – олардың жарқын болашағының кепілі», – деді өңір басшысы.«Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеуге арналған цифрлық платформа іске қосылды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұлттық жоба аясында салынған «Келешек мектептері» жаңа форматтағы мектептерге жас ...Елімізде ҰБТ басталды: 180 мыңнан астам түлек өтінім берді, тестілеу 7 шілдеге дейін жалғасады
Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов ЖОО-ға түсетін талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізудің басталғаны ...Қазақстандық жас химиктер Менделеев олимпиадасында топ жарды
Бразилияның Белу-Оризонти қаласында 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстандық оқушылар 40 ел қатысқан жарыста үздік нәтиже көрсетіп, 11 ...КҮН САНЫ
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ...Білімнің берік баспалдағы
Бүгінгі таңда қосымша білім беру саласының балалардың жан-жақты дамуына айрықша ықпалының бар екендігі іс жүзінде дәлелденіп келеді. Қосымша білім алу ...Қоғамдық көлікке қашан қол жеткіземіз?!.
Аудан орталығы – Ырғыз ауылы жылдан-жылға көлемі жағынан ұлғайып, тұрғын үйлер санының артуы әрине, көңіл қуантады. Алайда, тұрғындардың талап, тілегін ...Биыл Ақтөбеде 14 «жайлы мектеп» ашылады.
Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 400 орындық 14 мектептің құрылысы жоспарланған. Бұл мақсатқа 3 жылда Ұлттық қордан 71,2 ...«Жайлы мектеп» – сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
«Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», – ...Енді жеке меншік мектептерде оқитын осал отбасылардың балалары да әлеуметтік көмек алады
2024 жылы еліміздің бала құқықтарын қорғау саласындағы бірқатар заңға өзгерістер енгізілген болатын. Солардың бірі – әлеуметтік көмектің кеңеюі. Бұрын облыс ...