Құрылтай депутаттарының сайлауы: дайындық қалай?

23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына Ырғыз ауданында дайындық жұмыстары бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ауданда сайлауды ұйымдастыруға 23 сайлау комиссиясы жұмылдырылады. Қазіргі таңда комиссия мүшелерін оқыту, сайлаушылар тізімін нақтылау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Итібаев айтып берді.
Азаматтар өздерінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын қалай тексере алады?
Сайлауға 15 күн қалғанда – 7 тамыздан бастап – тұрғындар өз учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады. Дауыс беру күні тіркелген жерінде болмайтынын алдын ала білетін азаматтар үшін дауыс беру орнын өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін жергілікті атқарушы органға жүгіну қажет. Мұны e-Otinish жүйесі арқылы да жасауға болады. Өтінішті 23 шілдеге дейін қабылданады, содан кейін сайлаушы нақты тұрған жері бойынша тізімге енгізіледі, ал тиісті органдар оны бұрынғы тіркелген жері бойынша тізімнен шығару жұмысын жүргізеді.
Сайлау күні тіркелген мекенжайында болмайтын азаматтар не істеуі керек?
Жоғарыда айтып өткендей сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде 2026 жылғы 7 тамыздан бастап учаскелік сайлау комиссиясына өз өтініші бойынша және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін ала алады. Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күнінен бір күн бұрын яғни 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 де тоқтатылады.