АУДАНДА ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №255 Жарлығына сәйкес өңірлік кадр резервіне қабылданған адамдар уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз орналаса алады.
Облыс бойынша өңірлік кадр резервіне 25 мемлекеттік қызметші қабылданған болатын. Соның бірі Бекеев Нұрберген Базарбайұлы. Ол аудан әкімінің 2026 жылғы 16 ақпандағы өкімімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің келісімімен 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Е-1 санаты, №03 лауазымына тағайындалды.
Нұрберген Базарбайұлы 1990 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша, 2019 жылы Байшев атындағы университетті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ штаттан тыс қызметкер – программисті болып бастаған. 2016 жылдан бері «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2024 жылдың 30 желтоқсанынан бастап «Ырғыз аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 3 баласы бар.




