Заң мен тәртіп: ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілсіз болу және ойын-сауық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілерін анықтау, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкогольді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, сондай-ақ, ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 28 ақпан облысы аумағында жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.
​Аталған жоспарлы жедел алдын алу іс-шарасына ПД бірінші орынбарасы полиция полковнигі Саймагамбетов Ардана Муратович, Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артығалин, волонтерлар, белсенді жастар қатысты.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, жергілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді.
​Жедел алдын алу іс-шарасы аясында сағат 23.00 – ден 06.00 дейін тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз мұз айдынында және компьютерлік клубта жүрген кәмелетке толмағандар ішкі істер бөлімдеріне жеткізіліп, 25 ата-аналары әкімшілік жауакершілікке тартылды. Сонымен қатар, қаламыздағы 4 ойын-сауық орталығының иесі ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік жауакершілікке тартылып, айыппұл салынды. Барлығына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. аралықта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген үшін жеткізілді.