“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ҚАҒИДАТЫН ІЛГЕРІЛЕТУ АЯСЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

✅ “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында аудан орталығындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығы мамандары түнгі рейдке шықты.

📌 Шараның мақсаты:
– кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау,
– ⁠қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу
– ⁠21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь өнімдерін сату фактілерін анықтау
– ⁠ жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау болып табылады.

🌟 Рейдтік шара жастар мен жасөспірімдердің жиналатын орындарында және дүкендерде жүргізілді.

❗️ЕСКЕРТЕМІЗ
Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.