Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – басты міндет

Ырғыз ауданы полиция бөлімі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған жол бермеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, есепте тұрған азаматтармен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде өткізілуде.
Полиция қызметкерлері қорғау нұсқамаларын шығару, профилактикалық есепке қою, сондай-ақ, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тарту шараларын қолдануда.
Сонымен қатар, жәбірленушілерге қажетті көмек көрсету үшін әлеуметтік қызметтермен, аудандық отбасын қолдау орталықтарымен және облыстық дағдарыс орталықтарымен өзара іс-қимыл жолға қойылған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті. Осы ретте, Ырғыз ауданы полиция бөлімі тұрғындарды зорлық-зомбылық фактілеріне бей-жай қарамауға және мұндай жағдайлар орын алған кезде құқық қорғау органдарына жедел түрде хабарлауға шақырады.
Кез келген зорлық-зомбылық дерегі бойынша республика аймағында «150 және 111» сенім телефондарына және «102» полиция номеріне хабарласып, көмек сұрасаңыз болады.
Ырғыз ауданы Полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі «Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» тобының аға инспекторы, полиция капитаны
Ботагоз Кишкентаева




