«Айқын нәтиже» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы

«Айқын нәтиже» жобасын іске асыру шеңберінде Ырғыз ауданы полиция бөлімімен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және халықпен тиімді кері байланыс орнату бағытында жүйелі түрде кешенді жұмыстар жүргізілуде.Жоба аясында аудан көлемінде криминогендік ахуалды тұрақтандыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда: Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуымен тұрақты негізде рейдтік-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді. Түнгі уақытта құқық бұзушылыққа, солардың қатарында кәмелет жасқа толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында криминогендік аймақтарға  олардың қатарында қараусыз иесіз қалған тұрғын үйлер мен ғимараттарға профилакткиалық бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен, оның ішінде бұрын сотталғандар, ішімдікке салынған азаматтар, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім тұлғалар және қолайсыз отбасылармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, олардың мінез-құлқына бақылау күшейтілді. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстар атқарылып, қорғау нұсқамалары шығарылып, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында халық арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды және әлеуметтік желілер арқылы профилактикалық материалдар жарияланды.Білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесулер мен дәрістер ұйымдастырылды.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында  аудан аймағында өтіп жатырған халақаралық жол бойында жүргізушілер, соның қатарында шет ел автокөліктерінің жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстары  тұрақты түрде жүргізілуде.

Алдағы уақытта да аталған жоба  аясында жұмыстар жалғасын табады.

 

Ырғыз ауданы полиция бөлімі