Құрылтай – қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің маңызды алаңы

Қазақстанның басты құндылықтарының бірі – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік. Бұл қағидаттар еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізін қалайды. Осы құндылықтарды нығайту жолында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бірлік пен келісім саясаты қоғамның тұтастығын сақтауға, азаматтардың өзара сенімін арттыруға және ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Осы орайда Құрылтай – қоғамның әртүрлі өкілдерін бір мақсатқа жұмылдырып, елдік мәселелерді талқылауға және ортақ шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық алаң.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, түпкі мақсат – жаңа Конституцияда бекітілген қағидаттарды нақты заңнамалық және институционалдық тетіктер арқылы жүзеге асырып, құқық үстемдігіне негізделген, әділетті, қоғамдық келісімі берік әрі адам мүддесін басты орынға қоятын мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамыту. Осы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруда Құрылтайдың орны ерекше. Ол қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы диалогты дамытуға және ортақ құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

23 тамызда өтетін Құрылтай делегаттарын сайлау – ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық-саяси үдеріс. Делегаттар халықтың ұсыныс-пікірін жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуға және еліміздің тұрақты дамуына өз үлестерін қосады. Сондықтан бұл науқанның маңызы зор.

Менің ойымша, Құрылтай – қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтатын, азаматтық белсенділікті арттыратын және ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды институт. Сондықтан бұл бастаманы толық қолдаймын. Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы – әділетті қоғам мен берік бірліктің кепілі.

Осыған орай барша жерлестерімізді 23 тамыз күні өтетін Құрылтай делегаттарын сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын. «Демек, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту – әрқайсымыздың ортақ азаматтық парызымыз.» Бірлігі бекем елдің ғана болашағы жарқын, келешегі кемел болмақ.

Мырзағали Ербақыт Жиенғалиұлы,
Ырғыз гимназиясы КММ география пәнінің мұғалімі.