«5 Б» Облыстық жобасында екінші кезең әдістемелік қолдау Ырғыз ауданында жалғасуда

Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру және алғашқы зерделеу барысында анықталған олқылықтардың жойылу деңгейін бағалау мақсатында Ырғыз ауданында облыстық «5 Б» жобасының екінші кезеңі бастау алды. Бұл жолы жұмыс жалғасын тауып, білім беру ұйымдарына қайта зерделеу жүргізу арқылы нақты әрі мақсатты әдістемелік көмек көрсетілуде.
Жоба аясында педагогтер мен мектеп басшыларына кәсіби-әдістемелік сүйемелдеу ұйымдастырылып, алдыңғы кезеңде берілген ұсыныстардың орындалу деңгейі саралануда. Сонымен қатар оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған тиімді тәжірибелер қайта қарастырылып, білім сапасын арттыруға ықпал ететін заманауи педагогикалық тәсілдер ұсынылуда.
Екінші кезеңнің ерекшелігі — нақты нәтижеге бағытталу. Яғни, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүргізілген жұмыстарға талдау жасалып, оқу жетістіктерінің деңгейі бақылау срездері арқылы анықталуда.




