Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті


Өткен аптада аудан әкімдігі ғимаратында Ырғыз аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мейірхан Дуанбеков жүргізді. Кеңес жұмысына Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов, аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер бастауыш ұйымдарының төрағалары, «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы және БАҚ өкілдері қатысты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мейірхан Дуанбеков баяндама жасап, ардагерлер ұйымдарының қоғамдағы рөлі мен Мемлекет басшысы айқындап берген міндеттердің орындалуына тоқталды. Баяндама аясында аудандық ардагерлер ұйымдарының атқарған жұмыстары мен болашақтағы жоспарлары жан-жақты тоқталып өтті.
Еңбек ардагері Жансерік Таңқаев, «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» аудандық филиалының төрайымы Нават Байдәулетова, сондай-ақ түрлі салалардан ардагерлер жарыс сөзге шығып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиын қорытындысында қаулы жобасы қабылданып, аудандық ардагерлер кеңесінің алдағы жұмыс бағыты бекітілді.
Аудан ардагерлерімен кездесуде Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов сөз сөйлеп, аудандық ардагерлер ұйымының жұмысына оң бағасын берді және ардагерлерге зор денсаулық пен табыс тіледі.
«Ырғыз»-ақпарат




