МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін Ырғыз ауданы әкімдігінің ұжымында мемлекеттік қызметкерлермен келелі кездесу өтті. Мақсат – алда болатын жалпыхалықтық референдум алдындағы ақпараттық түсінік шаралары. Қоғамның барлық өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен кездесу өткізіп келе жатқан «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалицияның Ырғыз ауданы бойынша мүшелері әкімдіктің мемлекеттік қызметкерлерімен ашық диалог алаңында болды.
Мемлекеттік қызмет ұжымымен кездесуге 50 адам қатысты. Кездесуде конституциялық реформаны қолдау жөніндегі ақпараттық коалиция өкілдері
кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістер туралы, заңның үстемдігі, тәртіптің қажеттілігі туралы түсінік берді. Мемлекеттік қызметтегі жаңа заңдылықтардың ерекшеліктеріне тоқталды. Қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, референдумды қолдайтындығын жеткізді.
Жаңа Конституция мемлекеттік қызмет саласына жаңа кадрлардың жаңашыл бағытта жұмыс жасауына жағдай туғызады. Референдумды қолдау бағытындағы ақпараттық түсінік жұмыстары кездесулер жалғасын табады.





