Жеңіс күні ақтөбеліктер Даңқ обелискісіне гүл шоқтарын қойды

9 мамыр күні дәстүр бойынша Ақтөбедегі Даңқ обелискісіне келген қала тұрғындары Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды еске алып, құрмет көрсетті.

⚜️ Еске алу рәсіміне облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.

🕯️ Жиналғандар майданда ерлік көрсеткен жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мемориалға гүл шоқтарын қойды.

🔹 Рәсімге сондай-ақ мемлекеттік органдар, күштік құрылымдар, ардагерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

📌 Жеңіс күнінде гүл шоқтарын қою рәсімі «Зеңбірек» ескерткіш-обелискісінде, «Бауырластар зиратында», сондай-ақ Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ескерткіш-бюсттері жанында да өтті.