Жарма ауылында жаңа мектеп ашылды

🏫 Ырғыз ауданы Құтикөл ауылдық округіне қарасты Жарма ауылында 60 орындық жаңа мектеп ашылды.

Мектептің ашылу салтанатына Ырғыз ауданының әкімі Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы, Ырғыз аудандық білім бөлімінің бөлім меңгерушісі Бекниязова Алмагүл Амандыққызы, аудандық мәслихат хатшысы Тұрымов Марат Орынжайұлы және ауыл тұрғындары қатысты.

✔️ Нарқызыл негізгі орта мектебінде 21 мұғалім қызмет атқарып, 69 оқушы білім алады.

📚 Жаңа білім ошағы 60 орынды ғимаратта, жоғары сыныптарға арналған 9 пән кабинет бар. Зертханалары толық жабдықталған. Заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. 1 интерактивті тақта, 11 компьютер жұмыс істейді. Оқушылардың дене шынықтыруына, бос уақыттарын тиімді пайдалануына қолайлы кең спорт залы да тартымды әрі жайлы және мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған екі алаң салынған.

🏗️ Еске сала кетейік, мектептің құрылыс жұмыстарын ПК «ЕРЗАТ» жүргізді.