Жаңа Конституцияны мен қолдаймын

Себебі жаңа Конституция халықтың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Әр адам өз құқығын еркін пайдаланып, әділдікке жете алуы өте маңызды. Сонымен қатар, жаңа Конституция билік органдарының жұмысын ашық әрі жауапты етуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Халықтың пікірі ескеріліп, ел басқару ісіне көбірек араласуы — дұрыс қадам. Тағы бір маңызды мәселе — әлеуметтік әділеттілік. Жаңа Конституцияда жер мен табиғи байлықтардың халық игілігі екені айтылған, бұл қарапайым адамдар үшін үлкен қолдау. Қысқасы, жаңа Конституция елдің дамуына, әділ әрі тұрақты қоғам құруға оң әсер етеді деп сенемін. Мысалы, жаңа Конститиуция жобасының 21 бабының 2 тармақшасын айта кеткім келеді. Себебі әр адамның жеке өмірі құпия болуы керек. Банктегі ақшасы, хаттары, телефонмен сөйлесуі немесе интернет арқылы жазысқан хабарламалары қорғалуы – қауіпсіздік пен сенімділік үшін өте маңызды. Бұл құқық тек заңда көрсетілген ерекше жағдайда ғана шектелуі дұрыс деп ойлаймын. Осылайша азаматтардың жеке өміріне құрмет көрсетіледі.




