Жаңа конституция — ел дамуының берік негізі

Жаңа Конституцияның қабылдануын еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды оқиғаның бірі деп санаймын. Себебі Конституция — мемлекеттің басты құқықтық құжаты, елдің даму бағытын айқындайтын, қоғамның тұрақтылығын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізін қалайтын маңызды құжат.
Жаңа Конституция аясында ел өмірінің әртүрлі бағыттарына назар аударылуы — заман талабына сай жаңғырудың көрінісі. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, білім мен ғылымды дамыту, мәдениет пен руханиятты қолдау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту сияқты бағыттардың маңызы зор. Сонымен қатар, білім мен ғылымның дамуы, цифрландыру, инновация, экологиялық жауапкершілік және әлеуметтік қолдау мәселелерінің де қоғам үшін маңызы ерекше. Бұл бағыттардың барлығы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға және келешек ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Менің ойымша, Конституцияның басты құндылығы — оның қағидаттары мен нормаларының күнделікті өмірде жүзеге асуында. Әрбір азамат өз құқығы мен міндетін біліп, ел болашағына жауапкершілікпен қарауы қажет. Ал біз, мәдениет саласының қызметкерлері, тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа ел тарихын таныту арқылы қоғамның рухани дамуына өз үлесімізді қоса аламыз. Елдің болашағы — бірлікте, дамуы — жасампаздықта, ал берік іргетасы — заң мен әділеттілікте. Жаңа Конституцияның қабылдануы еліміздің жаңаруына, қоғамның дамуына және келешек ұрпақтың жарқын болашағына бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылуға тиіс. Мен осы өзгерістердің ел игілігіне қызмет етіп, Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатынына сенім білдіремін.
Дархан МЕКТЕПБАЙ,
Ырғыз аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры