Үмбетбай Уайдиннің туғанына 90 жыл

Ырғыз аудандық кітапханасында “Сатираның сыры: Уайдиннің таңдаулы шығармалары” атты әдеби кеш өтті. Бұл туралы аудандық кітапхана хабарлады.
Арайлым Қасым
@araikassym
Кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырған шара облыстық “Оқитын өлке” акциясы аясында өткізіліп отыр. Жазушы, журналист, фельетоншы Үмбетбай Уайдиннің туғанына биыл 90 жыл. Әдеби кеште Ырғыз гимназиясының тарих пәні мұғалімі Гүлнара Кетебаева жазушы шығармаларына тоқталып, алғы сөз сөйлесе, кітапхананың тұрақты оқырмандары Ақтілек Кенжебекқызы мен Ақсамал Спанова жазушы Үмбетбай Уайдиннің “Сұқ саусақ”, “Ауыр күн” атты жырларын жатқа оқыған.
Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған “Сатираның сардары” атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу да жасалған.