Құрылтай – жауапкершілік пен жаңғырудың жаңа кезеңі

Құрылтай – елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылайтын ғана емес, қоғамның түрлі саласының өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды институт. Оның басты ерекшелігі – мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтып, әр өңірдің үні мен ұсынысын бір арнаға тоғыстыруында.
Қазіргі таңда елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың басым бөлігі қоғам сұранысынан туындап отыр. Осы тұрғыдан алғанда Құрылтай – тек пікір алмасу алаңы емес, нақты бастамалар мен маңызды шешімдердің қайнар көзі. Мұнда көтерілген мәселелер ұлттық құндылықтарды дәріптеуден бастап, білім, ғылым, мәдениет, жастар саясаты, әлеуметтік әділдік және өңірлердің тұрақты дамуына дейінгі кең ауқымды қамтиды.
Алдағы Құрылтай отырысынан да ел үшін өзекті мәселелердің жан-жақты қаралатынына сенім мол. Әсіресе ауылдық аймақтардың әлеуетін арттыру, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау, еңбек адамының мәртебесін көтеру, ұлттық мәдени мұраны сақтау және қоғамдық бірлікті нығайту бағытындағы жаңа бастамалар маңызды болмақ.
Еліміздің даму жолында әр азаматтың пікірі мен ұсынысы ескерілетін орта қалыптастыру – өркениетті қоғамның белгісі.  Құрылтай осы қағиданы нығайтып, халықтың сенімі мен мемлекет жауапкершілігінің тоғысатын маңызды алаңына айналды. Сондықтан бұл бастама Қазақстанның тұрақты дамуына, ұлттық бірегейліктің нығаюына және елдің ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізуге қызмет ететін маңызды қоғамдық институт болып қала береді.

 

Бисенова Гүлмира Бақтыбайқызы

Жеке кәсіпкер

“Жаншуақ Ырғыз” тәуелсіз қоғамдық бірлестік төрағасы