«Құрылтай – ел бірлігін нығайтып, қоғамның өзекті мәселелерін ашық талқылауға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық алаң.

Мемлекет пен
халық арасындағы сындарлы диалогты дамыту, азаматтардың ұсыныс-пікірін ескеру – әділетті қоғам құрудың басты тетіктерінің бірі.
Алдағы Ұлттық құрылтайдың күн тәртібіне шығарылатын мәселелер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Әрбір қазақстандықтың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, заң үстемдігі мен демократиялық құндылықтарды құрметтеуі – еліміздің тұрақты дамуының кепілі.
Сондықтан Ұлттық құрылтайда көтерілетін бастамалар ел игілігіне қызмет етіп, қоғамның дамуына тың серпін береді деп сенемін.»
Сағынтай Аңсаған
/1 қазақ жалпы білім беретін орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі