САЛБҰРЫН – МЕРЕКЕ ҒОЙ САЯТШЫҒА

Ұлттық руханиятымызды дүр сілкіндірген «Сыбаға» фестивалінің бір күні «Салбұрын» салтына арналуы тегін емес.
Салбурын – саятшылық және аң аулау кәсібінің бір түрі. «Салбұрын – мереке ғой саятшыға» деген сөз содан қалған. Соңғы кезде «Салбұрын» дәстүрін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу мәселесі қозғалып жүр.
Қазақ халқы ертеден ит жүгіртіп, құс салып, аң аулап серуен құрған халық. Ит – қазақ үшін киелі, оны жеті қазынаның біріне жатқызып қадір тұтқан. Аң аулауға бейім иттер тазы деп аталған. Есте жоқ ескі заманнан бері қазақтың сән-салтанатын білдіретін, саясатшылықтың белгісі саналатын құмай тазыны насихаттауға соңғы кезде көңіл бөліне бастады.
Ырғыз өңірінде де тазы өсірумен айналысатын тұрғындар қатары көбейіп келеді. Олардың ортақ әуестікке орай мәселелерін талқылап, жаңалықтарымен бөлісетін әлеуметтік желілердегі парақшалары да ашылған. Қан алмастыру мақсатында басқа өңірлерден күшіктер алдырып жатқандар да бар. Бүгінгі өткізілген шара осынау іске қозғау салып, ауданда ұлттық дәстүрлерімізді дамытуға соны серпін берді.