Республикалық «ТҰРМЫС» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

2026 жылғы 15-22 ақпан аралығында республика көлемінде «ТҰРМЫС» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері:Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында есепте тұрған тұлғаларды тексеруде;Қорғау нұсқамасының талаптарының сақталуын бақылауда;Қолайсыз отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізуде;Азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда;Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында рейдтік іс-шаралар өткізуде.Сонымен қатар білім беру ұйымдарында, мекемелерде және тұрғындармен кездесулер өткізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құқықтық салдары мен жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бұл тек жеке отбасының мәселесі емес, ол – қоғам қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін құқық бұзушылық. Әрбір азамат заң талаптарын сақтауға және өзара сыйластық қағидаларын ұстануға міндетті. Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болса, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ырғыз ауданы ПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКТ аға инспекторы полиция капитаны Б.Кишкентаева




