Құрметті Ырғыз ауылының тұрғындары!

«Мерейлі отбасы-2026» ұлттық байқауына қатысуға өтінім қабылдау жалғастырылуда.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – адамгершілік құндылықтарды жанғыртуға, жанұяның жақсы жақтарын дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Бұл байқауға өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, еңбекте, ғылым мен өнерде, спортта жоғары жетістікке жеткен үлгілі, өнерлі, өнегелі отбасылар қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар ағымдағы жылғы 15 маусымға дейін «Ырғыз аудандық ішкі саясат» ММ-де қабылданады.
Мекенжайы: Абай көшесі, №96 үй, 23 кабинет, Тел: 79-0-43.
Толығырақ: 87009605697 телефоны арқылы хабарласуға болады