Қоғам қайраткерлері Тел Жаманмұрынов пен Телжан Шонановты еске алуға арнаған танымдық конференция өтті
2024 жылғы 12-13 қазан күндері Ырғыздың тарихи тұлғаларын насихаттау мақсатында шаралар ұйымдастырылуда. Ол мемлекет және қоғам қайраткерлері Тел Жаманмұрынов пен Телжан Шонановты еске алуға арналады.
Шаралар Ырғыз ауылындағы Т.Шонанұлы көшесінде қайраткерге арналған ескерткіш белгі қоюдан басталды. Одан кейін «Арай» мәдениет үйінде қайраткерлердің өмірі мен қызметіне арналған ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Оған елімізге танымал ғалымдар, тарих ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Светлана Одепқызы Смағұлова мен Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің профессоры, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбай Сағынғалиқызының Алматы қаласынан арнайы келіп қатысты. Конференция қатысушыларын аудан әкімі Н.Қызбергенов құттықтап, ырғыздық тарихи тұлғалардың өнегесі насихаттала беретінін жеткізді.