КІТАПХАНА – ҚАСИЕТТІ ҚҰТХАНА

Кітапхана – өркениет пен рухани құндылықтың орны. Тұрғындардың көп баратын жері.
Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұжымы ұйымшыл мекеме. Әрбір шараға жауапты қарайды. Жалпыхалықтық референдумда өз таңдауларын жасауға дайын.
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалицияның Ырғыз ауданы бойынша мүшелері референдум қарсаңында аудандық кітапхана ұжымымен кездесті.
Коалиция өкілдері
кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндірді. Мәдени құндылықтарды сақтауға арналған 40-бапқа тоқталды. Кітапхана мамандары ой-пікірлерін жеткізді. Референдумды қолдайтындықтарын жеткізді.
#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң




