Кездесулер, кәсіпорындар және алғашқы пікірталастар: үгіт науқанының екінші күні қалай өтті

Сайлауалды науқанның екінші күні партиялардың стратегиясы өзгергенін анық аңғартты. Салтанатты іс-шаралардың орнына нақты өңірлік жұмыс, еңбек ұжымдарымен кездесулер, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғам белсенділерімен ашық диалог алдыңғы орынға шықты.

Әр партия өз электоратына жақын форматты таңдауға тырысты. Бірі пікірталас ұйымдастырса, бірі марафон өткізді, енді бірі өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралады. Алдағы күндері дәл осындай өңірлік кездесулер мен тікелей байланыс сайлауалды науқанның негізгі өзегіне айналатыны байқалады.