Ешбір бала елеусіз қалмайды

Ырғыз ауданының білім бөлімінің республикалық деректер банкі базасында тіркелген 12 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Оның ішінде мектеп жасындағы оқушылар саны – 9. Бала-бақшаларда 2 бала болса, 1 бала студент. Оларға 6 қамқоршы-қорғаншы бекітілген.
Бөлімнің қорғаншылық және қамқоршылық органының маманы 2024 жылдың маусым және қыркүйек айларында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленіп отырған отбасыларына барып, балалардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барлық отбасында жүргізілді. Балалардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы мақсатында жүргізілген зерделеу жұмыстардың негізінде қамқоршы/қорғаншы тарапынан қысым көрсетушілік, балаға қауіпсіздік тудыратын мән-жайлар анықталған жоқ.
Білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында 1 тамыздан бастап қыркүйек айына дейінгі уақытта «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция аясында оқу құралдарымен, мектеп формаларымен, сонымен қатар қаржылай көмекпен қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы негізінде аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 43407 теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы төленді.
Алдағы уақытта жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың хал ахуалын көтеру мақсатындағы қайырымдылық акциялары жалғасын табатын болады.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру барсында 2024 жылдың 29 мамыр -16 маусым аралығында «Бөбек» сауықтыру орталығына аудан бойынша 5 бала барып келді. Олардың қатарында 1 қамқоршылықтағы тәрбиеленуші бар.
Білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық ыстық тамақпен қамтылған.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 24 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республиксы Президентінің шыршасына Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Ерланұлы Сұлтан және Ерікұлы Нұрсері қатысып келді.
Аудан бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы №661 бұйрығымен бекітілген Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларының 5-тармағына сәйкес көрсетілген санаттағы 12 баланың сауалнамалары бар.
Есептегі балалардың тұратын жері бойынша олар туралы мәліметтер түскен күннен бастап Республикалық деректер банкінің бастапқы есебіне алынып, бір ай ішінде балалар өз туысқандарына қамқорлыққа орналастырылып, арнайы хронологиялық кестесі толықтырылып отырады.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың болашақта тұрғын үймен қамтылуы мақсатында барлық балаға «Отбасы банкінде» жеке шоттар ашылып, кәсіпкерлер мен мектеп ұжымы тарапынан салымдар түсуде..
Сондай-ақ, көрсетілген санаттағы балаларды күтіп-бағуға бөлінген жәрдемақыға 6 ай сайын қорғаншы тарапынан есеп тапсырылады.
Білім бөлімі тарапынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ай сайын 36 920 теңге көлемінде жәрдемақы қамқоршыларының есеп шотына түсіп отырады.
Д.Ысқақов, Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы