Еліміздің экономикасы өрлей берсін!

Былтырғы тасқын еліміз үшін зор сынақ болғанын, мұндай алапат тасқын Қазақстанда бұрын болмаған. Тасқын су кезінде мемлекет адамдарды қауіпсіз жерге көшірді, оларға уақытша паналайтын орындары әзірленді. Былтырғы су тасқынынан Нұра ауылы суға кетті.

Президент тапсырмасымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп облыс, аудан, ауылдық округ тарапынан көптеген көмектер жасалды.

Бір жазда бір ауыл жаңадан тұрғызылып тұрғындарға пайдалануға берілді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген еріктілер гуманитарлық көмек ұйымдастырып, зардап шеккендерге қолдау көрсетті.

Осының барлығы Президенттің бастамасымен жасалып жатқан жұмыстар.

Сұхбатта былтыр «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаны, игі бастама барлық өңірді қамтығаны туралы айтылды.

Бұл акция аясында бізда өз тарапымыздан ауылымыздың таза болуы үшін ауылдағы барлық мекеме қызметкерлерімен бірге ауыл көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізіп келеміз.
Тазалықты сақтау және табиғатты аялау барлығымыздың ортақ борышымыз. Мен бұл бас¬таманы барынша қолдаймын.

Осындай игі істер еліміздің әрбір түкпір – тукпірінде жалғасын табатынына сенемін. Еліміздің экономикасы өрлей берсін.

Ауыл тұрғыны Удин Декарт Сақыйұлы