eGov mobile қосымшасында Қазақстандағы уақыт белдеуіне байланысты сауалнама шықты
«Хронометрика: күнделікті уақытты ұтымды пайдалану» деп аталатын сауалнамада бес сұрақ бар. Арасында «Қазіргі уақыт белдеуі туралы ойыңыз қандай?», «Сізге қай уақыт белдеуі оңтайлы?» деген сияқты сұрақтар да бар.
Бұған дейін үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне өту туралы шешімді қолдаған.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа уақыт белдеуі жұртқа қалай әсер ететінін зерттеуге шамамен 90-100 миллион теңге жұмсалуы мүмкін деп айтқан. Қоғам арасында бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты көп сын айтылған.