«Бітер істің басына,жақсы келер қасына-, дегендей. Жақсыларымыз көбейе берсін!

  • Президенттің «Ана тілі» газетінде берген сұхбатында өткен жылдағы атқарылған жұмыстармен бірге алдағы міндеттерге де тоқталған.
    Сонымен бірге инженерлік-комуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының, тұрғын үй салу,автокөлік жолдарын салумен қатар,көптеген маңызды жобалар мен бастамалар жүзеге асырылғанын атап өтті.
    «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы аясында төлемдер беру,зейнетақы,жәрдемақы, шәкіртақы және азаматтық сала қызметкерлерінің жалақысы көбейгендігі туралы әңгіме қозғады.
    Көктемгі су тасқыны зардабы, сол үшін жасалган шараларда ел Президентінің назарынан тыс қалған жоқ.
    Алдағы мақсаты- мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін,егемендігін және халықаралық аренадағы орнын нығайта түсу екендігін баса айтты.
    Сұхбатта елдегі маңызды мәселе-лер қозғалып,алдағы уақытта Қазақ елінің көркейіп,өркендеуі үшін айқын бағыт ұстануы қуантады.
    Осындай игі істерге едіміздің әрбір азаматы білек сыбана кірісуі тиіс.
    «Бітер істің басына,жақсы келер қасына-, дегендей. Жақсыларымыз көбейе берсін!

    Зейнеткер Жолаушыбай Төлебайұлы.