АТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫ АТА ЗАҢДЫ ҚУАТТАЙДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалицияның Ырғыз ауданы бойынша мүшелері білім саласы бойынша педагогикалық ұжымдармен кездесулерді жалғастыруда.
Бүгін аудан орталығындағы іргелі ұжым Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде өткен еңбек ұжымымен кездесуге 80 адам қамтылды. Кездесуде конституциялық реформаны қолдау жөніндегі ақпараттық коалиция өкілдері
кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістер туралы, заңның үстемдігі, тәртіптің қажеттілігі туралы түсінік берді. Білім саласындағы жаңашыл қол жеткен жетістіктерге тоқталды. Қатысушылар педагогтар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, референдумды қолдайтындығын айтты. Жаңа Конституцияның игіліктері білім саласының заманауи бағытта даму үрдісіне қашанда өз пәрменін тигізіп, жаңа бағыттарға жетелейді.