Ата-ананың рөлі

Ырғыз аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жас аналарға арналған «Отбасындағы ата-аналардың рөлі» тақырыбында семинар-коучинг өткізілді. Бұл туралы аудандық кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Арайлым ҚАСЫМ
@araikassym
Шара арқылы ата-ананың отбасы бақыты мен ұрпақтар сабақтастығындағы рөлі, отбасылық құндылықтарға кұрмет сезімін қалыптастыру көзделген. Аналар кенесінің төрағасы Зәуреш Махаева жаңаша форматта өткізілген семинарға белсене қатысқан жас аналармен пікір алмасты.
Кітапхананың тұрақты оқырманы Айзада Төкешова естелік әңгімелерімен бөлісіп, ұрпақ тәрбиелеудің негізгі қағидаларына тоқталды. Шара соңында жас аналарға кітап көрмесі таныстырылып,насихатталды.