Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді жауапты дамытудың үлгісіне айналуы тиіс

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қауіпсіздік, экология және инфрақұрылым сапасына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, Almaty Superski жобасының Қазақстанның туризм саласын дамытудағы маңызын атап өтті.

🔹️ Аида Балаева бүгінде туризм жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнестің дамуына, инвестиция тартуға, қызмет көрсету сапасына және елдің халықаралық имиджіне ықпал ететін стратегиялық маңызды салалардың біріне айналғанын атап өтті.

🇰🇿 2024 жылы Қазақстанға 15,3 млн адам келген, ал ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 900 мың адамға көп. Мұндай көрсеткіштер туризм экономиканың нақты өсім нүктесіне және елді халықаралық деңгейде танытудың маңызды құралдарының біріне айналғанын көрсетеді.