«А» Вирусты гепатитінің ауруын алдын алу туралы

Вируснты гепатит «А»- бұл кең таралған инфекциялық ауру, тұрмыстық жанасу және алиментарлы (залалды су және тағам арқылы) жолдарымен беріледі.
Вирусты гепатит «А» ерекшелігі — қоршаған ортаға төзімді: вирус бөлме температурасын бірнеше апта және ай сақталады, ал 4 ºС – бірнеше ай немесе жыл сақталады.
Қоздырғышы — адам организіміне тамақ, су, күнделікті пайдаланылатын заттар, ойыншықтар арқылы түседі, үйдің антисанитарлық жағдайы, жеке бас гигиенасын сақтамау арқылы аурудың таралуына жол беріледі.
Инкубациялық кезең, яғни организмге вирустың енуі және клиникалық көрінуінің басы арасындағы уақыт 3-4 аптаға дейін созылады.
Аурудың басты кезеңі (сары ауруға дейінгі) симптоматикасы бойынша әртүрлі: тұмау тәріздес ағымы жиі кездеседі, ауру жіті дене қызуының көтерілуінен, жеңіл қабыну симптомдарынан және бұлшықет ауыруынан басталады. Сары ауру кезеңі басталуының бірінші симптомы болып ауырудың несебінің қараюы болып табылады. Тез арада сары ауру дамиды, бәрінен бұрын ауыздың және көздің ағындағы шырышты қабығында көрінеді.
Вирусты гепатит «А» алдын алу іс-шаралары:
— жеке гигиенаны сақтау, жие қолды сабынмен және спирт негізіндегі заттармен жуу;
— 2 жастағы балаларды вирусты гепатит «А» қарсы жоспарлы егу;
— балалардың ішуіне, ас дайындауға сапасы кепілденген ауыз суды пайдалану;
— жеміс жидектерді пайдалану алдында жуу;
— ең көңіл бөлетін шара — білім беру нысандарының санитариялық тораптарында, сынып бөлмелерінде техникалық персоналға жүктелген күнделікті ағымдағы жинау кезіндегі санитариялық-гигиеналық, дезинфекциялық талаптардың қатаң сақталуы.
Ырғыз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету, талдау бөлімінің басшысы А.А.Ыбыраев