30 мамырда Ақтөбе қаласы және аудан орталықтарында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

PRESSWALL 20250521095351-3

30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Ырғыз ауданында 2025 жылғы 30 мамырда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтетін орын туралы ақпарат

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Ә.Жангелдин көшесі, 37 мекенжайында орналасқан «Арай» мәдениет үйінде сағат 15.00-18.00 аралығында.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.