ҚҰДІРЕТТІ КҮЙДІҢ ИЕСІ

Нұрғиса Тілендиевке – 100 жыл

 

Аудандық орталық кітапханада «Арай» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақтың біртуар композиторы, күйші, дирижер әрі халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Күймен өрілген ғұмыр» атты танымдық кеш өтті. Қатысушыларға Нұрғиса Тілендиевтің өмір жолы, шығармашылығы деректі фильмдер арқылы экраннан көрсетілді. Оқушыларға сұрақтар қойылды.

Шараға қатысқан ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Ырғыз» газетінің тілшісі Руслан Ұзақбаев композитордың қазақ өнерінің дамуы жолында ұшан-теңіз еңбек сіңіріп, мол мұра қалдырғанын атап өтті. Жанкешті өнерсүйгіштігіне тоқталды.

Мәдениет үйінің директоры Дархан Мектепбай халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай шығармалары жыл бойы насихатталатынын, алдағы уақыттың еншісінде түрлі жобалар бар екенін жеткізді.

«Ырғыз-ақпарат»