БАЛА БІЛІМДІ КІТАПТАН ІЗДЕСЕ ИГІ…
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні
Ырғыз аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен кітапты насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты қолдау, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру мақсатында 2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай “Book day” ашық есік күні өтті. Балалар бөлімінің меңгерушісі Айбану Мұхамбетқали мен «Аманат» партия Ырғыз аудандық филиалының атқарушы хатшысы Абат Баймұханов балаларды мерекемен құттықтап, кітапхана қорына жаңа кітаптарды табыстады.
Шара барысында менің жетекшілігіммен “Kids Book” жобасының таныстырылымы болды. Оқырмандарымыз таным көкжиегін кеңейтіп ертегілер еліне саяхат жасады. Қызықты иновациялық кітап көрмесі жасақталып, балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, балалар кітап күнінің шығу тарихы түсіндірілді. Кітапхананың жас оқырмандарына «Библиокэшинг», «Кім жылдам?» ойындары ойнатылды. Балалар қазыналы құдықта жасырынған сұрақтарға жауап беріп, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысщыларға тәттілер таратылды.
«Мен оқыған кітап» байқауының қорытындысы жарияланып, қатысушылар жүлделі орындарымен марпатталды. Шара соңында «Оқырман лебізі» атты бұрышқа оқырмандар ізгі тілектерін қалдырды.
Сәулет Мирон,
балалар кітапханашысы