Орманымызды қорғайық!

Біз мемлекеттік орман қоры жерлерін өрттен аман алып қалу мақсатында, жаз маусымы басталысымен дайындық жұмыстарын жүргіземіз. Көбінесе жаз маусымында орын алатын қызық жағдайды ауыздықтау және орман қорын кез келген зиянкестерден қорғау үшін мамандар қызу іске кіріскен. Және бұл істе ауданымыздың жауапты құзырлы органдары да, тілсіз жаумен дер кезінде күресуге дайын тұрады.
Өрт оқиғалары жаз мезгілінде қарапайым адамдардың салғырттығынан болып жатады. Тұрғындардың далалықта табиғат аясында демалғанда тамақ пісіріп от жағудан, шеккен шылымдарын кез келген жерге лақтырып тастаудан қателіктер кетіп жатады.
Сондықтан тұрғындарға табиғат аясында демалғанда отырған жерлеріңізді тазалап, от іздерін өшіріп жүруге, жолда көлікте шеккен шылымдарыңызды сөндірмей тастамаңыз деп үндеу айтқым келеді.
Мақсат Октябрь,
«Қарабұтақ орман және жануарлар дүниесін қорғау»
мемлекеттік мекемесі Ырғыз учаскесінің орманшысы