Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысы бастамашы болған «Келешек мектептері» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды.

Жобаның мақсаты – заманауиқауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қалыптастыруүш ауысымды оқытуды жою және қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.

«Samruk Kazyna Construction» АҚ аймақтықдиректоры Азамат Агелеуовтің айтуыншабиыл 12 жайлы мектеп пайдалануға беріледіЖаңа жайлы мектептер Алтын Орда және Есетбатыр шағын аудандарында, «Саяжай-1», «Баурластар-3», «Жаңақоныс-2» тұрғын алаптарында және облыстың бірнеше ауданында салынып жатыр.

Өңір басшысы білім беру нысандарына инженерлік инфрақұрылым тарту мәселесіне айырықша көңіл бөлдіҚазіргі таңда жеті мектепке желілер толығымен тартылғантөртнысанда жұмыстар жалғасудабір мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттамадайындалуда.

Мәліметтерді тыңдаған облыс әкімі мердігерлер мен тиісті қызметтерге құрылысқарқынын үдетіпбарлық жұмысты мерзімінде аяқтау үшін жұмысшылар қатарын арттыруды тапсырдыСондай-ақ мектептерге кіреберіс жолдар салу, оқу орындарының маңында автотұрақтар ұйымдастыру және жауын-шашыннан жиналған суды ағызу жүйелерін салу қажеттігін ескертті.

«Келешек мектептері» жобасын жүзегеасыру – өңірдегі білім беруді дамытудың басым бағыты болып қала бередіБалалардың сапалы әрі жайлы жағдайда білім алуы – олардың жарқын болашағының кепілі», – деді өңір басшысы.