ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕС

Ырғыз аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ — жастарға кеңес» қоғамдық дәрісі өтті.
Шараның мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында өмір құндылықтары, лудомания, нашақорлық, суицид, буллинг, құқық бұзушылықтың алдын алу. Дін және жастар тақырыбының байыбына барып, отбасы құндылығын дәрептеп, рухани патриоттық тәрбие беру. «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» ұстанымын жастар арасында кеңінен насихаттау, «Заң мен тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру және қоғамдағы құқықтық сана мен мәдениетті арттыру.
Кеңеске Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ-нің жоғары сынып оқушылары, Ырғыз ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Әуесов, «Халықаралық келіссөздер академиясы қауымдастығы» ЗТБ-нің Ырғыз ауданы бойынша заңгер, кәсіби медиатор Л.Ізімғалиева, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты Ғ.Ідірісов, аудандық аурухананың психолог маманы Н.Оразалина, аудандық аналар кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі Г.Бисенова, аудандық мешіттің бас имамы, орталықтың теолог маманы Ғ.Идрисов, аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Ешпанова, Ы.Алтынсарин ЖББОМ директоры В.Машина және жастар ресурстық орталығының басшысы М.Отаров қатысып, шараның мақсаты бойынша ақпарат беріп, сұрақтарға жауап берді. Мұндай кеңестер ауданның бірқатар мектептерінде де өтті.
«Ырғыз-ақпарат»