Жаңа Конституция – кез келген мемлекеттің дамуы мен жаңғыруының айқын көрінісі

Бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес, елдің болашақ бағытын айқындайтын басты құжат. Конституция қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың негізін қалыптастырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі болып табылады.
Жаңа Конституция – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі. Бүгін қабылданған шешімдер ертеңгі күннің негізін қалайды. Сондықтан оның әр бабы халықтың мүддесіне қызмет етіп, тұрақтылық пен дамуға жол ашуы тиіс.

Жаңа Конституция еліміздің өркендеуіне, заң үстемдігінің нығаюына және әділетті қоғам қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді деп сенемін. Ең бастысы – бірлік пен жауапкершілік.

Нұрзат Аякөз
“Мәні” мәдениет үйінің мәдени-жұмысты ұйымдастырушысы