Ырғыз ауданына қарасты Аманкөл ауылдық округі, Құтикөл ауылында мобильдік қабылдау өтті

Қабылдауды аудан әкімінің орынбасары, Мансап орталығы, полиция бөлімі, аудандық аурухана басшылығы, депутаттар жүргізді. 30-ға жуық тұрғын келіп, көкейлеріндегі мәселелерін қойып, тиісті жауаптарын алды.
Қабылдау барысында жұмысқа орналасу және тұрғын үй мәселелері негізгі тақырыптардың бірі болды. Ауыл тұрғындары баспанаға мұқтаждық, тұрғын үй кезегі мен мемлекеттік бағдарламалар аясындағы мүмкіндіктер жөнінде сауалдарын жеткізді.
Сонымен қатар, қысқы мезгілде ауыл аймағында қасқырлар мен жабайы иттердің көбеюіне байланысты қауіпсіздік мәселесі көтерілді. Бұл бағытта тиісті сала өкілдері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселе бақылауға алынатыны айтылды.
2025 жылы аудан бойынша 60 қабылдау өткізілсе, 760 адам қабылдауға тіркелген.
Кездесу қорытындысында көтерілген мәселелер бақылауға алынып, бірқатар өтініштер бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.





