Туынды-кітаптың тұсауы кесілді…

«Ұлттық кітап күні» аясында аудандық кітапхананың апталық шараларына сәйкес «Сөз өнеріндегі өлкетану – қаламгер күніне» орай жергілікті қаламгер, ҚР Журналистер одағының мүшесі Марат Қапанұлы Мырзалының «Қалғымаған қаламұш» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Шара тізгінін өлкетанушы, ақын Серғали Қоблашев қолына алды.

Ырғыз ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Мирхан Әттиев және Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапханасының директорының міндетін уақытша атқарушы Айгүл Нұрмаханова жаңа кітаптың лентасын қиып, тұсаукесір рәсімімен құттықтады.

М.Мырзалының «Ырғыз» газеті редакциясында бірге қызмет жасаған шәкірттері Руслан Ұзақбаев, Дархан Мектепбайлар ұстазға алғыс айтып, естеліктерге тоқталды. Шара қонақтары В.Машина, А.Бисаханова, М.Отар, Д.Житомирұлы, О.Картанова және басқа да оқырмандар, аудан кітапханашылары ізгі тілектерін білдіріп, сыйлықтар тарту етті.

Шара соңында автор М.Мырзалы қорытынды өз сөйлеп келген қонақтарға жаңа кітабын сыйлап, қолтаңбасын қалдырды.

 

Айбану Сәкенқызы,

балалар кітапханасының меңгерушісі