ОРАЗАҢ ҚАБЫЛ БОЛСЫН, ҰСТАНАР ЖАН!..

Құрметті Ырғыз ауданының тұрғындары және қонақтары!
Сіздерді, келе жатқан қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын!
Алла Тағаладан отбастарыңызга береке-бірлік, татулық тілеймін. Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін!
Алла баршамызды шынайы ықыласпен Ораза ұстаушылар санатына қосып, жәннаттың Раййан есігінен кіруімізді нәсіп еткей! Әмин!
Ырғыз ауданының бас имамы Идрисов Ғалым Русланұлы