Қызылжар ауылдық округіне қарасты Құрылыс ауылында салынып жатқан ангар үлгісіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына партия филиалының атқарушы хатшысы Оразымбетова Айымгүл мен аудандық мәслихат депутаты Берекеш Құралайдың қатысуымен партиялық бақылау жүргізілді.

Аталған нысан бастапқы жоспар бойынша қаңтар айында пайдалануға берілуі тиіс болған. Алайда мердігер тарапынан жіберілген салғырттық салдарынан құбыр жарылып, жылу жүйесі қатып қалған. Соның нәтижесінде нысанды тапсыру мерзімі кейінге шегерілді.
Құрылыс барысын зерделеу барысында ауыл әкімі Жәнібек Асланға және мердігер мекемеге тиісті ескертулер жасалып, құрылыс қарқынын жеделдету қатаң түрде талап етілді. Себебі аталған кешен пайдалануға берілген жағдайда ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндік туындайды.
Ауыл үшін маңызды нысанның уақытында әрі сапалы аяқталуы — басты міндет. Бұл мәселе партиялық бақылауда болады.
#Amanat
@daulet_karibek
@yerzhan_zhilkibayev
@kazantsev__kz
@daurenbizhumanov
@erbol_danagulov





