«Құқықтық көмек» қоғамдық қабылдауы өтті

«AMANAT» партиясы Ырғыз аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Арай» мәдениет үйінде «Құқықтық көмек» қоғамдық қабылдауы өтті.
Іс-шараға аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Оразымбетова Айымгүл Сейлханқызы, депутаттар Берекеш Құралай Ебішқызы мен Танқаев Нұри Жансерікұлы, аудан әкімінің орынбасары Махаев Азамат Алтайұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Имантаев Санат Сағитбекұлы, Мансап орталығының басшысы Жумин Нұрболат Оразбайұлы, Ырғыз ауылдық округінің әкімі Жұбаназаров Нұркен Нұртайұлы, заңгер Балданова Жанар Болатқызы және аудандық білім бөлімінің басшысы Ысқақов Дархан Ыбырайымұлы қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындардың көтерген мәселелері тыңдалып, құқықтық сауалдарға нақты жауаптар мен кеңестер берілді.
«Ырғыз-ақпарат»




