Конституцияның жаңа нұсқасымен

қазір барлығымыз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танысып жатырмыз. Жаңа Ата заңның жобасында мемлекет пен қоғам үшін маңызды көп нәрсе қамтылғаны көрініп тұр. Айта кететін болсақ, 29-баптың 4-тармағында «Қазақстан Республикасы кәсiпкерлiк қызмет бостандығы құқығына, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалану құқығына кепілдік береді. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi немесе шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады» деп анық көрсетілген. Бұл өз кәсібін дөңгелентіп отырған кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Міне, осы секілді Ата заңымыздың әрбір тармағының көпшілік үшін игілігі мол деп білемін. Бұл біз секілді шаруа адамының көңілінен шығады.
Мәдіғали Құсейнов, «Назар» шаруа қожалығының басшысы




