Кеңестің күн тәртібінде тыңдалды

Жуырда Ырғыз аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысының күн тәртібінде Ырғыз ауылдық округінің әкімі А.Оразымбетованың Ырғыз ауылындағы тазалық мәселесі және ауыл жанындағы күл-қоқыс полигонының жай-күйі, Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Ысқақовтың ауданның білім беру саласындағы 2024-2025 оқу жылы оқу-тәрбие жұмыстарының атқарылу барысы, «Су шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры А.Бақтыбаевтың Ырғыз ауданының елді мекендерін ауыз сумен қамту туралы мәселелер қаралды.
Жауапты басшылардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылған жұмыстары жөніндегі хабарламаларын тыңдаған кеңес мүшелері Г.Бектұрғанова, Г.Шамиева, З.Махаевалар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кеңес төрағасы К.Қосаяқов отырысты қорытындылап, кемшін қалған жұмыстардың орындалуын бақылау мен бірлесіп шешу шараларын алу жоғары органдарға жеткізілетіндігін атап өтті.
«Ырғыз-ақпарат»