Ел Конституциясына енгізілуге ұсынылған өзгерістер – ең маңызды саяси құқықтық оқиғалардың бірі болып отыр.

Бұл бастамалар қоғамымыздың алға жылжуына, сондай – ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған маңызды қадам деп ойлаймын.
Конституцияда қолжетімділікті білім, медициналық көмек және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету міндеттері нақты көрсетілген. Сондай-ақ еңбек саласындағы құқықтардың нығаюы мен кәсіпкерлік мүмкіндіктердің артуы жастарға үлкен мүмкіндік береді.
Бұл реформалар кәсіпкерлік белсенділіктің артуына және еліміздің инвестициялық тартымдылығының сапалы өсуіне оң әсер беретініне сенімдімін.
Мен үшін бастысы – бұл реформалар еліміздің тұрақты, әділетті, демократиялық дамуына ықпал етіп, өз үлесін қосады деген сенім. Бұл біздің ертеңгі тұрақтылығымыздың кепілі.

Кәмшат Сәдірханова
Жеке кәсіпкер

#Референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда