Бірлік пен келісім — ел болашағының кепілі

Эмилия Кондратенко, Ақтөбедегі «Святло» поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясына делегат ретінде қатыстым. Алқалы жиында халқымыздың ауызбіршілігіне, ел арасындағы татулыққа, тыныштыққа аса мән берілді.
Қазақстан — түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан мекен екендігі, тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен қарсы алғаны, олардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасағанының өзі ерекше маңызға ие болғаны рас. Сессия жұмысында қоғамдағы бірлік пен келісім ел халқының мызғымас ауызбіршілігі мен түсіністігінің нәтижесі екендігі айтылды.
Ұлттық мәселелерді ұлықтау, құрмет тұту, әр халықтың дәстүрі мен тарихын, тілі мен ділін қастерлеуді адам бойындағы адамгершілік, сыйластық деп білемін. Сондықтан да сессия барысында белгіленген міндеттерді бірауыздан қолдаймын.