“AMANAT” партиясына қабылдау, партия мүшелігін тоқтату, партия мүшелерін есепке алу, партиялық құжаттарды ресімдеу және беру талаптарына байланысты Ырғыз аудандық партия филиалында Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесу өтті.

Жиын барысында партия қатарына мүшелерді қабылдау, партия мүшелігінен шығару рәсімдеріндегі жаңашылдықтар жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына жаңартылған Ережені басшылыққа ала отырып, партиялық жұмысты жүйелі әрі талапқа сай жүргізу жөнінде тиісті бағыт-бағдар берілді.