ДӘСТҮРГЕ АДАЛДЫҚ
«Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалінің аясында Ырғыз гимназиясында тәлімі мол шара өтті. «Береке» күніне орай ұйымдастырылған Ұлттық тағамдар мен қолөнер көрмесіне «Даналық» мектебінің, “Парасат” әжелер мектебінің, “Мейірім” аналар мектебінің және “Сыр-сымбат” жеңгелер мектебінің мүшелері атсалысып, үлкен үлес қосты. Шараға аудандық білім бөлімінің, Қамқоршылық кеңесінің өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Шараның мақсаты – ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын оқушыларға көрсете отырып ұмыт болып бара жатқан ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, жас ұрпақты дәстүрге адалдыққа тәрбиелеу.